- Катонқарағай МҰТП-нің аумағына кіру үшін рұқсаттаманы қалай рәсімдеуге болады?
Жауабы: Аумаққа рұқсатнаманы ШҚО, Қатонқарағай ауылы, Жампейсов көшесі, 16А мекенжайы бойынша орналасқан орталық кеңседе экологиялық ағарту және туризм бөлімінен, сондай-ақ БӨП-терінен ("Қараайрық"; "Ирек"; "Таутекелі") алуға болады. Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз немесе төлқұжатыңыз болуы тиіс.
- ҚР азаматтары мен шетелдіктер шекаралық аймаққа кіруге рұқсаттаманы қалай рәсімдей алады? ("Ақ Берел" рекрациялық-танымдық соқпақ)
Жауабы:Шекаралық аймаққа кіруге рұқсаттаманы ресімдеу Е-gov электрондық порталы арқылы мына бөлімде жүзеге асырылады: Қызмет паспорты → Лицензиялау және аккредиттеу → Рұқсат ететін құжаттар
- Катонқарағай МҰТП-нің аумағына кіру және онда болу қызметтерін Kaspi.kz қосымшасы арқылы төлем жасауға болады ма?
Жауабы: Қосымша арқылы төлегеннен кейін чекті сақтап (скриншот жасау) және одан әрі рұқсаттаманы ресімдеу (қызмет алу) үшін ШҚО, Катонқарағай ауылы, Жампейсов көшесі, 16А мекенжайындағы экологиялық ағарту және туризм бөліміне немесе БӨП-теріне ("Қараайрық"; "Ирек"; "Таутекелі") ұсыну қажет.
- Катонқарағай МҰТП-не бару үшін маусымның қай мезгілі қолайлы?
Жауабы:Маусымның басы-тамыздың аяғы
- Жорыққа өзіңізбен бірге не алу керек?
Жауабы:
- Шатыр, каримат, ұйықтайтын қап, шам (фонарь), компас, жергілікті жердің картасы;
- Дәрі қобдишасы (антисептикалық препараттар, таңу материалдары);
- Киім және аяқ киім:
Жылы және суық ауа райына арналған ыңғайлы киім, су өткізбейтін киімдер;
Ыңғайлы аяқ киім ;
Күннен қорғайтын бас киім (қалпақ, бандана, панама, орамал);
Ауыстыратын киім мен аяқ киім;
- Тамақ және ас үй керек-жарақтары:
- Жеке гигиена құралдары;
- Күннен қорғайтын құралдар, жәндіктерден қорғайтын құралдар
- Катонқарағай МҰТП-нің аумағында әуесқойлық-спорттық балық аулау қалай жүзеге асырылады?
Жауабы:Әуесқойлық-спорттық балық аулау – бір-бірден аулауға ғана мүмкіндік беретін аулау құралдарымен жүзеге асырылатын, спорттық және эстетикалық қажеттіліктерді қанағаттандыру, спорттық жарыстарды өткізу мақсатында,сондай-ақ аулап алынған өнімді жеке тұтыну үшін балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау. Әуесқойлық- спорттық балық аулау бір-бір балықтарды аулаушыға 5 кг аспайтын ілмектері бар қармақтардың барлық жүйелерімен және атауларымен (жылтырауық, қармақ, жыртқыш балықтарды аулауға арналған қарумен, сондай-ақ бір балық аулаушыға үш данадан аспайтын шаяндар мен басқада су жануарларын аулауға арналған арнайы аспаптармен, қақпандармен жүргізіледі).
- Катонқарағай МҰТП-нің аумағында әуесқойлық-спорттық балық аулауға қай жерлерде рұқсат берілген?
Жауабы:Қаракөл, Марал, Қаумыш көлдерінде әуесқойлық-спорттық балық аулауға рұқсат берілген.
- Катонқарағай МҰТП-нің аумағындағы жабайы жануарларға қосымша азықтандыру жұмыстары жүргізіледі ме?
Жауабы:Мемлекеттік инспекторлар жабайы жануарлардың шоғырланған жерлерін зерттеп, арнайы азықтандыру алаңдарын орнатады. Қыс мезгілінде астауларға арнайы шөп пен бейнек, науаларға жем-тұз салып қосымша азықтандырылады.
- Катонқарағай МҰТП-нің аумағында аң аулауға рұқсат беріле ме?
Жауабы:Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі N 175 Заңының 48-бабына сәйкес мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердің қорғау аймақтарында:
- аң аулауға 15.06.2017 жылдан бастап тыйым салынған.
- Катонқарағай МҰТП-де халыққа ағаш босату калай жүзеге асады?
Жауабы:Халыққа ағаш босату орман орналастыру жобаларына сәйкес өкілетті орган бекітіп берген көлемді аралық және баска мақсатта кесу түрлері бойынша орманшылықтарға ағаш кесу билеттері жазылып орманшылықтарға беріледі, орманшылықтар жергілікті тұрғындарға жазып береді.
- Катонқарағай МҰТП-де кәделік және ағаш неге аз көлемде босатылады?
Жауабы:Мемлекеттік ұлттық табиғи парк болғандықтан мекеменің негізгі бағыты табиғат қорғау, басты мақсатта ағаш кесуге тыйым салынған, кәделік және отындық ағаш орман орналастыру материалдарына сәйкес орманды күтіп-баптап кесу және санитарлық кесулердің, өтімді өнімдерді жинаудың негізінде босатылады. Жыл сайын ағаш қоры азайып келеді, алыс және қиын жерлерден тұрғындар ағаш алуға бармайды.
- Катонқарағай МҰТП-де қандай ғылыми тақырыптар жүргізіледі?
Жауабы:Ғылым бөлімінің қызметкерлері үш тақырыпты жүргізеді: 1) Табиғат шежіресі, 2) Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің жоғары тамырлы өсімдіктерінің биоалуантүрлілігі, 3) Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің сирек кездесетін және жойылып бара жатқан құстардың ұялары мен ұя салатын учаскелерінің мониторингі.
- Катонқарағай ұлттық паркінің аумағында орналасқан мәдени нысандар мен биоалуантүрлілікті зерттеу және тарихы бойынша ақпаратты қайдан табуға болады?
Жауабы:Осы тақырып бойынша ақпаратты Катонқарағай ұлттық паркінің еңбек жинақтарынан табуға болады. Бүгінгі таңда екі том шықты. Өкінішке орай, 2006 жылы жарық көрген бірінші том бүгінде библиографиялық сирек кездесетін оқиға болды, бірақ онымен Катонқарағай МҰТП кітапханасында танысуға болады. Екінші том - " Қатонқарағаймұлекеттікұлттықарқыныңаңбектері. Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің еңбектері " - біздің кітапхананың қалың оқырман қауымына қолжетімді және оны ШҚО, с. мекен-жайында орналасқан Орталық кеңседен сатып алуға болады. Қатонқарағай, Жампейсов к-сі, 16А.
- Балқарағай дәнін қалай алуға болады?
Жауабы:ШҚО маслихатының 2018 жылғы 12 сәуірдегі № 19/228-VI «Шығыс Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орманды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы » шешіміне сәйкес жеке тұлғаларға орман билеті негізінде 10 кг дән тегін алуға болады, одан асқан мөлшерде алатын болса жергілікті бюджетке төлемақы төлеу қажет. Орман билеті орманшылықтарда жазылады.
- Шырша көшеттерін калай және қай жерден сатып алуға болады?
Жауабы:Сібір шыршасы көшеттерін сатып алу үшін бас директордың атына өтініш жазып, рұқсат етілген жағдайда қаржы бөліміне төлем жасап, жөнелтпе құжат негізінде Медведка орман тұқым бағынан алады. Бағасы биіктігіне байланысты 1 метрге дейін 1 данаға 150 теңгеден бекітілген.