Ғылым, экологиялық мониторинг және ақпарат бөлімі
Ғылым, экологиялық мониторинг және ақпарат бөлімі (ҒЭМжАБ) ҚР АШМ 13.03.2012 ж. № 25-02-01/94 бұйрығымен және «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» ҚР 07.06.2006 ж. Заңымен бекітілген бөлім туралы Ереженің, табиғат қорғау мекемелерінде ғылыми қызмет пен ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларының негізінде жұмыс істейді.
Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ғылыми қоры:
- Энтомологиялық жинақтар, саны – 4000 дана;
- Сүтқоректілердің бас сүйектерінің жинағы, саны – 20 дана;
- Гербарий топтамасында 1800-ден астам парақ, 1000-ға жуық түр;
- Минералогиялық коллекциялар саны – 15 үлгі, топырақ коллекциялары – 5 түр, орман құраушы түр – 6 түр;
- Спиртті препараттар (өрмекшітәрізділер, шаян шыбындары, екіқанаттылар);
- 8000 цифрлік фотосуреттер, Катонқарағай мемлекеттік табиғи резерватының табиғи-қорық қорының объектілері бар фотоальбомдар, фотоматериалдар зерттеушілердің саяхаттары кезінде үнемі толықтырылып отырады.
- Ғылыми кітапхана 1336 кітаппен ұсынылған, алфавиттік каталог, кітап беруді тіркеу журналы бар.
- Ғылыми-зерттеу жұмыстарының тақырыбы
2023 жылы ҚР ЭГжТРМ ОШжЖД комитетінің бұйрығымен бекітілген Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің 2021-2025 жылдарға арналған ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарына, ғылыми зерттеулердің жұмыс бағдарламаларына және ҒЗЖ-ның 2021 жылға арналған жоспарына сәйкес ғылыми бөліммен 3 тақырып бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді:
- Табиғат жылнамасы. Жауапты орындаушы бас директордың орынбасары
Р. Н. Крыкбаева
- Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің жоғары тамырлы өсімдіктерінің биоалуантүрлілігі. Жауапты орындаушы ҒЭМжАБ а.ғ.қ. Г.А. Болботов
- Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің сирек кездесетін және жойылып бара жатқан құстардың ұялары мен ұя салатын учаскелерінің мониторингі. Жауапты орындаушы ҒЭМжАБ а.ғ.қ. В.М. Воробьев
- Ғылыми семинарлар мен кеңестер өткізу, конференцияларға қатысу
- 12-17 сәуір 2023 ж. ҒЭМжА бөлімінің бастығы А.У. Габдуллина Алматы қаласында «ХХІ ғасырдағы Қазақстандағы Зоологиялық зерттеулер: қорытындылар, проблемалар және перспективалар» атты Үкіметаралық дөңгелек үстелге қатысты.
- 21 шілде 2023 ж. бас директор орынбасары Р.Н.Крыкбаева Усть-Кокса ауылында (Алтай Республикасы) «Алтай» трансшекаралық резерватын құру туралы үкіметаралық келісімді іске асыру жөніндегі Аралас комиссияның IX отырысына қатысты.
- 2023 жылғы 12 желтоқсанда ҒЭМжА бөлімінің а.ғ.қ. В. М. Воробьев Усть-Кокса ауылында Таулы-Алтай мемлекеттік университеті (Алтай Республикасы) базасында құрылған Халықаралық таулар күніне арналған «Үлкен Алтай. Таулар мен адамдар» Бүкілресейлік ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.
3.Ғылыми тақырыптар бойынша есептер (аралық, түпкілікті)
Ғылыми бөлімнің қорларына 2023 жылы келесі есептер келіп түсті:
- 2022 жылға арналған «Табиғат жылнамасы» бағдарламасы бойынша.
- «Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің жоғары тамырлы өсімдіктерінің биоалуантүрлілігі» тақырыбы бойынша аралық есеп.
- «Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің сирек кездесетін және жойылып бара жатқан құстардың ұялары мен ұя салатын учаскелерінің мониторингі» тақырыбы бойынша аралық есеп.
- Үшінші тарап ұйымдарымен жұмыс
Қазіргі уақытта ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау үшін келесі шарттар қолданылады:
- «Қазгидромет» РМК ШҚО бойынша филиалы
- «Экобиоцентр» (Өскемен қ.)
- «Республикалық ғылыми-техникалық кітапхана» АҚ ШҚ филиалы
- «Кәсіби консалтинг орталығы» ЖШС (Павлодар)
- ҚР БҒМ Зоология институты (Алматы).
- А. С. Пушкин атындағы ШҚО кітапханасы.
- Алтай мемлекеттік университеті
- Таулы -Алтай мемлекеттік университеті
- «Астана халықаралық университеті» ЖШС
- «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КЕАҚ
- ШҚО білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі «Жас техниктер станциясы» КМҚК
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
- «Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы» РММ
5.2019 жылдан 2023 жылға дейінгі 5 жыл ішінде 63 ғылыми мақала жарияланды.
Ағымдағы жылы жарияланған мақалалар тізімі:
- Воробьев В. М. Встреча большого улита Tringa nebularia и круглоносого плавунчика Phalaropus lobatus в Катон-Карагайском национальном парке (Казахстанский Алтай) в 2022 году // Русский орнитологический журнал. – 2022. – 31 Т. – № 2249. – 5037-5043 Б.
- Алипина А.Ж. Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркіндегі метеорологиялық зерттеулер және олардың қазіргі ғылымдағы рөлі// Записки Усть-Каменогорского филиала Казахского географического общества/ Современные проблемы географии и научные школы Казахстана выпуск 17- 2023 – 195-205 Б.
- Болботов Г.А., Шмаков А.И., Уварова О.В., Смирнов С.В., Кечайкин А.А. Новые находки во флоре Казахстана и Алтайского края/ Turczaninowia – 82-877 Б.
- Воробьев, В. М. Наблюдение некоторых редких птиц в Катон-Карагайском национальном парке (Южный Алтай) весной 2023 года // Русский орнитологический журнал. – 2023. – 32 Т. – № 2328 – 3341-3346 Б.
- Воробьев В.М. Горбоносый турпан Melanitta deglandi в Казахстанском Алтае// Русский орнитологический журнал. – 2023. – 32 Т. – № 2348 – 4311-4323 Б.
- Воробьев В.М. Алтайский улар Tetraogallus altaicus в казахстанской части Алтае-Саянского экорегиона// Русский орнитологический журнал. – 2023. – 32 Т. – №2368 – 5320-5332 Б.