AA+
AA+

"Катон-Қарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" РММ ҚР Үкіметінің  2001 жылы 17 шілдедегі № 970 қаулысына сәйкес құрылды. Парктың ауданы 643477 га  құрайды және Қазақстан Республикасының ең ірі ұлттық паркі.

 

Ұлттық парктің құрылу мақсаты: экологиялық, ғылыми, мәдени және рекреациялық құндылығы бар Оңтүстік Алтайдың бірегей табиғи кешендерін сақтау және қалпына келтіру.

 

Негізгі міндеттері::

  1. Мемлекеттік табиғи қорды, биологиялық әртүрлілікті, ерекше экологиялық, рекреациялық және ғылыми құндылығы бар бірегей табиғи және тарихи-мәдени кешендер мен объектілерді сақтау.
  2. Табиғи процестердің табиғи дамуын зерттеу және экологиялық мониторинг жүргізу;
  3. Уәкілетті органмен келісімі бойынша ғылыми ұйымдардың ұсынымдары негізінде бұзылған табиғи және тарихи-мәдени кешендер мен объектілерді қалпына келтіру;
  4. Халықтың экологиялық ағартуын, оқу экскурсиялары мен сабақтарын ұйымдастыру, оқушылар мен студенттерді өндірістік тәжірибелерін өткізу;
  5. Экологиялық туризм, рекреацияны осы мақсаттар үшін белгіленген шаруашылық қызметі шектеулі аймақтарда ұйымдастыру және жүзеге асыру;
  6. Ғылымды, мәдениетті, ағартуды және білім беруді дамыту мақсатында ұлттық парк аумағын мақсатты және ұтымды пайдалану

 

Қатон-Қарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі (КМҰТП) Шығыс Қазақстан облысында Катонқарағай ауданында орналасқан. Ұлттық парктің аумағы Оңтүстік Алтайда орын алып, көптеген жоталары бар, теңіз деңгейінен 3000 метрден жоғары көтеріледі. Қатон-Қарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің шегіне: Листвяга және Катунский жоталарының оңтүстік макробеткейі (Мұзтау тауының оңтүстік және шығыс беткейлері)атыс бөлігі, Қазақстан шегіндегі Укок биік таулы үстіртінің батыс бөлігі және Оңтүстік Алтай, Тарбағатай (Алтай) және Сарымсақты жоталары кірді.

 

Парктің келесі шекаралары орнатылды:

Солтүстігі мен шығысында: Ресеймен шектеседі (Алтай Республикасы);

 

Оңтүстік-шығыста: парктің шекарасы Катонқарағай ауданының аумағы арқылы өтеді;

 

Батыста: Шекара Фарпусная (Шуршутсу) өзені бойымен Белқарағай (Медведка) және Солдатово ауылына дейін өтеді.

 

Оңтүстікте: шекара Оңтүстік Алтай жоталарының солтүстік беткейлері бойынша: Сарымсақты, Алтай Тарбағатай, Шыңғыстай орманшылығының Мұз-Бель орман саяжайы шекарасымен және Катонқарағай және Күршім аудандарының әкімшілік шекарасымен өтеді.

 

Ауданы-643 744 га. оның ішінде:

Орман алқаптары-267 202 га оның ішінде

- орманмен қамтылған алаң-216 181 га;

 

Орман емес жерлер-376 275 га оның ішінде:

- су – 4 182 га;

- батпақ - 4 440 га;

- мұздықтар-1 503 га.

 

Климаттық жағдайы:

Таулы және таулы-орман аймағының климаты өте ылғалды, орташа суық, кей жерлерде өте суық. Аймақтың солтүстік жартысында жылына 550-560 мм жауын-шашын түседі.  Бір жылда желдің орташа айлық жылдамдығы 1,7 м/сек құрайды. Жыл ішінде қатты желді күн саны 7, ал шаңды дауылмен — 10 күн.