1 сәуірде, дәстүрлі болған, Халықаралық құстар күні жабайы табиғат пен қорықтық орындарға арналған "Живая природа Алтая" халықаралық фотосуреттер байқауы басталады. Байқауға Алтай өлкесі мен Алтай Республикасы, сондай-ақ Қазақстан, Моңғол және Қытай Алтайы аумақтарында түсірілген фотосуреттер қабылданады.
Биылғы байқауда қатысушыларды кейбір өзгерістер мен жаңалықтар күтуде. "Живая приода Алтая" жобасы кеңейіп және танымалдыққа ие болды. Серіктестердің саны да артты, бұл өте қуантады. Сонымен қатар, номинациялар қосылды, енді сіздерде өздеріңізді көрсету мүмкіншілігі арта түсті.
"Живая природа Алтая" X Халықаралық фотобайқауы 9 номинациядан тұрады: "Пейзаж", "Жануарлар", "Өсімдіктер", "Микроәлем", "Мобильді фотосурет","Тірі табиғат видеосы", "Тірі табиғат минуты", "Тірі табиғат туралы эссе", және бонустық номинация "Қорықтық Алтай" - оған жекелеп жұмыстарды жіберудің қажеті жоқ. Жаңадан қосылған "Тірі табиғат минуты" номинациясына, қатысушының жеке Instagram-аккаунтында орналастырылған және #МинутаЖивПА2020 хештегімен белгіленген видеолар кіреді.
Тағы бір жаңалық - "Тірі табиғат туралы Эссе" номинациясы - бұл сурет авторының берген тақырыптағы ойлары мен әсерлерін білдіретін шағын көлемді және еркін композициядағы шығарма. Сонымен қатар, байқау жұмыстарын ресімдеуді жеңілдету үшін сауалнама ұсынылды, оны толтырып, тиісті түрде қол қойылған фотосуреттерді қоса отырып, сіз конкурсқа қатысушы бола аласыз.
Жұмыстар 2020 жылдың 1 сәуірінен 30 қыркүйегіне дейін қабылданады. 27 қарашада Алтай әдебиет тарихы, өнер, және мәдениеті мемлекеттік мұражайында (Барнаул, РФ) үздік жұмыстардың фотокөрмесінің салтанатты ашылуы өтеді. Осында жеңімпаздарды марапаттау 2021 жылдың 29 қаңтарында өтеді. "Қорықтық Алтай" номинациясының жеңімпазы жыл фотографы және "Живая природа Алтая – 2020" конкурсының бас жеңімпазы болып жарияланады.
Толық ақпаратты Катонқарағай МҰТП (http://br.katonkaragai.kz/) және ұйымдастырушылар сайттарындағы «КОНКУРСЫ» бөлімінде орналастырылған ережеден білуге болады.
Өзіңіз туралы жариялап және сіз көрген сұлулықты әлеммен бөлісу бірегей мүмкіндігін жіберіп алмаңыз. Сіздердің жұмыстарыңызды күтеміз!
Ұйымдастырушылар:
"Алтай әдебиет тарихы, өнер, және мәдениеті мемлекеттік мұражайы" (ГМИЛИКА) жергілікті мемлекеттік бюджеттік мекемесі;
«А. В. Анохин атындағы Алтай Республикасының Ұлттық мұражайы» Алтай Республикасының бюджеттік мекемесі;
«Тигирек» мемлекеттік қорығы» федералдық мемлекеттік бюджеттік мекемесі;
«Катунь» мемлекеттік табиғи биосфералық қорығы» федералдық мемлекеттік бюджеттік мекемесі;
«Алтай мемлекеттік табиғи биосфералық қорығы» федералдық мемлекеттік бюджеттік мекемесі;
«Сайлюгем» ұлттық паркі федералдық мемлекеттік бюджеттік мекемесі;
«Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Серіктестер:
Алтай өлкесінің табиғи ресурстар және экология министрлігі;
Алтай өлкесінің Мәдениет министрлігі;
Алтай өлкесінің туризм және курорттық қызметті дамыту жөніндегі басқармасы;
Алтай өлкесінде "Народный фронт "За Россию" жалпыресейлік қоғамдық қозғалысының аймақтық бөлімшесі;
Томск облысының кәсіптік білім департаменті;
"Усынови заказник" Алтай өлкелік бағдарламасы;
"AltaiNature" Алтай табиғатын зерттеушілер клубы;
"Сфера" Фотоклубы;
"Арго " туристік компаниясы;
"Лесная сказка" Барнаул хайуанаттар бағы;
"Магия печати" студиясы;
"Алтай" МТРК;
"Природа Алтая" қоғамдық-экологиялық басылымы.