AA+
AA+

       Бүгін Катонқарағай ауданы әкімдігінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Асылхан Амангелдіұлы Ашиков жетекшілік еткен мобильді топтың қатысуымен кеңес өтті. Аудан әкімі Данияр Бекқазыұлы Дүйсенбаев Катонқарағай ауданындағы туристік кластерді дамыту перспективаларына тоқталып, өңірдің табиғи әлеуеті, инфрақұрылымдық жобалар мен туристер үшін қолайлы жағдай жасаудың маңызын атап өтті. 

       Кездесу барысында Катонқарағай ұлттық паркінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдаудың нәтижелері талқыланды. Асылхан Амангелдіұлы талдаудың негізгі тұжырымдарына тоқталып, тәуекелдерді азайту бойынша бірқатар ұсыныстар айтты. Ұлттық парк бас директоры Жанболат Батталович Тыныбеков өз баяндамасында жүргізілген жұмыстардың нәтижелері мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға бағытталған нақты шараларды атап өтті. Сондай-ақ ол алдағы уақытта еңбек тәртібін нығайту, құқықтық мәдениетті арттыру, жемқорлыққа әкелетін алғышарттарды дер кезінде анықтау, жемқорлық фактілеріне нөлдік төзімділік қалыптастыру және корпоративтік этика қағидаларын енгізу бойынша жүйелі жұмыстар жалғасатынын жеткізді. Кеңеске ұлттық парк қызметкерлері де қатысып, ұсыныстармен танысты. Мұндай кездесулер түрлі құрылымдар арасында тиімді байланыс орнатып, адал басқару жүйесінің тұрақты негізін қалыптастыруға ықпал етеді.