Жеңістің 80 жылдығына – 80 сібір шыршасы! Катонқарағай ұлттық паркінің қызметкерлері “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында “Ясная Поляна” қонақ үйінің аумағына 80 сібір шыршасының көшеттерін отырғызды. Бұл – Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған ерекше тағзым. Әр отырғызылған шырша – бейбіт өмір сыйлаған ардагерлерге алғыс. “Ясная Поляна” – паркпен көп жылдан бері бірлесіп жұмыс істеп келе жатқан сенімді серіктес. Осындай ортақ істер арқылы біз табиғатты қорғап қана қоймай, ұлттық жадымызды да жаңғыртамыз.