AA+
AA+

     Президент Қасым-Жомарт Тоқаев экологиялық фестивальде сөйлеген сөзінде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасының ел өміріндегі маңызына тоқталып, оны ұлттық идеологияның өзегіне айналдыру қажеттігін атап өтті. Мемлекет басшысы қоршаған ортаға жанашырлық таныту, табиғатқа жауапкершілікпен қарау – келер ұрпақ алдындағы басты борышымыз екенін ерекше атап өтті.

    Осы бастаманы қолдау мақсатында Катонқарағай ұлттық паркі «Жас турист» станциясының оқушылары және ауданның білім беру мекемелерінің ұстаздарымен бірге сібір шыршасының көшеттерін отырғызды. Бұл шара экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, жас ұрпақты табиғатты аялауға баулуға және ауданның жасыл қорын толықтыруға бағытталды.