AA+
AA+

    Қайыңды негізгі орта мектебінің оқушылары табиғатты қорғау мақсатында ерекше экологиялық іс-шара өткізді. Олар Чернова орманшылығының инспекторларымен бірлесе отырып, болашақ жасыл орманның негізін қалады!

    Іс-шара барысында оқушылар сібір шыршасының тұқымдарын арнайы контейнерлерге отырғызды. Бұл тек бір күндік шара емес, қоршаған ортаны жақсартуға бағытталған маңызды қадам. Әрбір кішкентай тұқым болашақта биік ағашқа айналып, ауаны тазартуға, экожүйені сақтауға және табиғаттың тепе-теңдігін қамтамасыз етуге көмектеседі.

   Осындай бастамалар жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, оларды табиғатты аялауға баулиды. Орманшылар мен мектеп оқушылары бірлесіп атқарған бұл игі іс экологиялық сананы арттыруға және табиғатты қорғау идеясын насихаттауға бағытталған.

    Әрбір отырғызылған ағаш – біздің ортақ болашағымыздың кепілі. Табиғатты бірге қорғайық, экологиялық бастамаларымызды жалғастырайық!