AA+
AA+

 

“Таза Қазақстан” Республикалық акциясы аясында өткен жылдың қаңтар айында О.Бөкей атындағы Белқарағай орта мектебінің оқушыларымен бірге Сібір шыршасының тұқымдары отырғызылған болатын.

Биыл сол тұқымдардан өскіндер пайда болып, Белқарағай орманшылығының инспекторлары оқушылармен бірге оларға күтім жасау жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында оқушылар жас көшеттердің өсу барысын көріп, оларды күтіп-баптау тәсілдерімен танысты.

Орман мамандары мұндай жұмыстарды тұрақты түрде бақылап, оқушыларға жас көшеттерге дұрыс күтім жасауды үйретіп келеді.

Осындай шаралар жас ұрпақтың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілігін қалыптастыруға ықпал етеді.