Бүгін Усть-Язовая орманшылығының инспекторлары мен Коробиха орта мектебінің «Лесной дозор» атты мектеп орманшылығы бірігіп, сібір шыршасы мен балқарағай тұқымын отырғызды. Бұл мектепте бар болғаны 38 оқушы білім алады, бірақ олардың табиғатты сақтау жолындағы үлесі орасан зор! Аз ғана оқушыдан құралған топтың да үлкен істер атқара алатынын дәлелдеген жас өрендерімізге алғысымыз шексіз. Олар табиғатты қорғауға қосқан үлгі-өнегесімен бәрімізді шабыттандырады.