AA+
AA+

“Жасыл Алтай 2025” өрт-тактикалық жаттығуы Катонқарағай ұлттық паркінің ұйымдастыруымен сәтті өтті. Іс-шараға жалпы саны 19 команда қатысып, орман өрттерінің алдын алу мен жою бойынша өзара тәжірибе алмасты. Соның ішінде: - 11 команда – құрылымдық бөлімшелерден - Ұлттық паркпен шекаралас Зырян, Үлкен Нарын орман шаруашылықтары - Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы - Ресей Федерациясының “Катунь” биосфералық резерваты - Верх-Уба орман шаруашылығы - Катонқарағай әуе-орман қорғау бөлімшесі - Қатонқарағай аудандық төтенше жағдайлар бөлімі Қорытынды бойынша: 1 орын - Зырян орман шаруашылығы 2 орын - Өрт сөндіру станциясы – орталық кеңсе 3 орын - Алтай орманшылығы Жаттығудың мақсаты – орман өрттерін сөндіру кезіндегі іс-әрекеттердің үйлесімділігін арттыру, құрылымдардың шұғыл жағдайларға дайындығын тексеру және тәжірибе алмасу.