Бүгін Катонқарағай ұлттық паркі бас директоры Жанболат Батталович Сейтқамза Ластаев атындағы орта мектебі оқушыларына «Таза Қазақстан» Республикалық акциясы аясында кең ауқымды дәріс өткізді. Оқушыларға табиғатты қорғаудың маңыздылығы жан-жақты түсіндіріліп, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыру – бүгінгі қоғамның басты міндеттерінің бірі екені ерекше атап өтілді.
Дәріс барысында қоқысты сұрыптау, қайта өңдеуге жіберу, табиғатта қалдық қалдырмау, орман мен су көздерін қорғау, өрттің алдын алу, сондай-ақ әр адамның күнделікті өмірде қарапайым экологиялық әдеттерді қалыптастыруы қажеттігі айтылды. Оқушылар тарапынан қойылған сұрақтар да назардан тыс қалмай, оларға жан-жақты жауаптар берілді.
Саналы ұрпақ – таза болашақтың кепілі.



