Оралхан Бөкей атындағы Белқарағай орта мектебінің мектеп орманшылығы оқушылары үшін Белқарағай орманшылығы қысқы кезеңде жабайы жануарларды қолдауға бағытталған биотехникалық іс-шара өткізді.
Іс-шара барысында орман мамандары жануарларға арналған арнайы алаңдарды шөппен, жеммен, бейнекпен және тұзбен дұрыс толтыру жолдарын көрсетті.
Оқушылар белсенді қатысып, табиғатқа жанашырлық танытты



