AA+
AA+

 

Усть-Язовая орманшылығының мемлекеттік инспекторлары мектеп орманшылығының оқушыларымен танымдық экскурсия өткізді.

Кездесу барысында инспекторлар қыс мезгілінде жабайы жануарларға көрсетілетін көмектің маңызын түсіндіріп, биотехникалық іс-шаралардың мәнін баяндады. Сондай-ақ бейнек, шөп, жем және тұзды дұрыс толтыру тәртібін іс жүзінде көрсетті.

Балалар тек тыңдап қана қоймай, көмек көрсетуді өз қолдарымен атқарып, белсенділік пен шынайы қызығушылық танытты. Экскурсия соңында балаларға тәттілер ұсынылып, жылы жүздесумен ыстыш шай ішті.

Осындай іс-шаралар өскелең ұрпақтың табиғатқа деген құрметін арттырып, мемлекеттік инспекторлар еңбегіне оң көзқарас қалыптастырады.