AA+
AA+

    Берел орманшылығының инспекторлары Берел орта мектебінің оқушыларымен бірлесіп табиғатты қорғауға бағытталған кең ауқымды тазалық жұмыстарын жүргізді. Іс-шара Таза Қазақстан акциясы аясында ұйымдастырылып, қоршаған ортаны қорғау мен экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталды. 

    Іс-шара барысында оқушылар өз өңірінің тазалығына бейжай қарамай, инспекторлармен бірге ауыл аумағын қоқыстан тазартуға белсенді түрде атсалысты. Олар табиғатты қорғаудың маңызын терең түсініп, өз үлестерін қосуға үлкен ынта танытты. Сонымен қатар, тұрғындар арасында да түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қоршаған ортаны ластамау, қоқысты арнайы белгіленген орындарға тастау және табиғатты аялау туралы ақпарат берілді. Мұндай іс-шаралар жастардың экологиялық жауапкершілігін арттырып, табиғатқа деген жанашырлық көзқарасын қалыптастыруға ықпал етеді.

    Аталған экологиялық акциялар тұрақты түрде жалғасып келеді және бүгінгі таңда Катонқарағай ұлттық паркінің барлық орманшылықтарында жүйелі түрде ұйымдастырылуда.