AA+
AA+
Катонқарағай ұлттық паркінде жануарларды қорғау жұмыстары қарқынды түрде жалғасуда
 
Катонқарағай ұлттық табиғи паркінде жануарлар әлемін қорғау және сақтау мақсатында жүйелі шаралар қолға алынуда.
 
2024 жылдың 2 қыркүйегіндегі №02-03/116 Ө бұйрығы негізінде, парк аумағында кешенді жұмыстар ұйымдастырылды. Бұл шаралардың басты мақсаты – жануарлардың табиғи ортасын сақтау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және болашақ ұрпаққа бай табиғатты аманат ету.
Жүргізілген жұмыстар аясында келесі нәтижелерге қол жеткізілді:
 - Уақытша бақылау бекеттері тексеріліп, олардың жұмыс тиімділігі мен аумақты бақылау шаралары қадағаланды.
 - Рейдтік іс-шаралар барысында парк аумағының қауіпсіздігіне баса назар аударылды. Бұл шаралар браконьерлік әрекеттердің алдын алу және жануарлар мекендейтін жерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өте маңызды.
 - Еліктердің миграциясы бақылауға алынды. Бұл жұмыс арнайы құралдарды пайдалану арқылы жүзеге асырылды: дрондар, жаяу патрульдер, атпен жүріп тексеру және автокөліктермен аралау. Мұндай шаралар жануарлардың қоныс аудару жолдарын анықтап, олардың табиғи қозғалысын зерттеуге мүмкіндік береді.
 
Табиғат – біздің ортақ үйіміз. Жануарлар әлемін қорғау – бұл тек мемлекеттік органдардың ғана емес, әрбір азаматтың борышы. Әрқайсымыз табиғатты қорғауға үлес қосу арқылы болашаққа сенімді қадам жасай аламыз.
 
 Жануарлар әлемін қорғау және өндіру бөлімінің бастығы: Ерік Қасымов