AA+
AA+

Қазір Катонқарағай ұлттық паркінде жабайы табиғатты күзгі есепке алу жұмыстары жүргізілуде! Парк инспекторлары табиғаттың осы ғажайып бұрышында мекендейтін жануарлар мен құстардың санын мұқият бақылап, олардың популяциясының өзгеруін және қоршаған ортаның жағдайын зерттеуде.

Санақ әдістері:

- Іздерді бақылау және тіркеу: Жануарлардың жүрген жолдары мен іздеріне назар аудару арқылы олардың белсенділігі мен қозғалыс бағытын анықтаймыз.

- Тыңдау: Құстардың дауыстары мен басқа да табиғи дыбыстарды тыңдай отырып, олардың түрлерін анықтау және таралу аумақтарын бағалау.

-Фототұзақтар: Арнайы құрылғылар арқылы жануарлар мен құстардың бейнесін түсіру, олардың көші-қон жолдарын және әдеттерін бақылау.

Қазіргі уақытта Катонқарағай ұлттық паркінде қосмекенділердің 3 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 6 түрі, балықтың 17 түрі, сүтқоректілердің 67 түрі және құстардың 300 түрі мекендейді. Осы түрлердің ішінде Қазақстанның Қызыл Кітабына 57 құс түрі, 5 сүтқоректілер, 1 балық түрі және 2 омыртқасыздар түрі енгізілген. Әрбір аң мен құс осы экожүйенің бір бөлігі болып табылады. Олардың денсаулығы мен саны биоалуантүрлігі үшін өте маңызды. Біздің басты мақсатымыз – Катонқарағайдың табиғатын сақтау, келешек ұрпақтарға осы ғажап әлемін ұсыну.