Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк есепке алу, оның кадастры мен мониторингi жануарлар дүниесiн қорғауды, өсiмiн молайтуды сондай-ақ жануарлардың биологиялық әртүрлiлігі мен мекендейтiн ортасын сақтау мақсаттарында жүргiзiледi.
Есепке алу, кадастр мен мониторинг жануарлар дүниесiнiң жай-күйi мен географиялық жағынан таралуы, мекендейтiн ортасы, саны, жүйелi түрде байқаулардың нәтижелерi туралы мәлiметтердiң жиынтығын анықтау барысында, жануарлар әлемін қорғау және өндіру бөлімінің мамандары Алтай орманшылығының аумағында мемлекеттік есепке алу жұмыстарын атқарды.
Табиғи жалақтарға жануарлардың ағзаларына қажетті минералды заттарды беру мақсатында тұз салып, аңдардың жүріп өтетін жолдарына фототұзақ орнатты.
ЖӘҚжӨБ саяткер-биологы: А.К.Майлханова