AA+
AA+


   Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде жануарлар дүниесін қорғау және өсімін молайту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Осы мақсатта жануарлар әлемін қорғау және өндіру бөлімі мамандары жабайы жануарлардың тіршілік ету ерекшеліктерін, таралу аймағын, саны мен белсенділігін анықтау үшін арнайы азықтандыру алаңдарына фототұзақ құралдарын орнату жұмыстарын жүргізуде.

   Фототұзақтар жабайы жануарларды мазаламай, олардың табиғи мінез-құлқын бақылауға мүмкіндік береді. Алынған деректер жануарлар популяциясының жай-күйін бағалауға, олардың маусымдық қозғалысын анықтауға және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге негіз болады.

   Аталған іс-шаралар жануарлар дүниесін қорғауға, биоалуантүрлілікті сақтауға, сондай-ақ олардың табиғи мекен ету ортасын қорғау мен тиімді басқару шараларын жоспарлауға бағытталған.