Катонқарағай ұлттық паркінде қысқа дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Қар қалың түсетін маусымда жабайы жануарлар азық таба алмай қиналмас үшін, арнайы қоректендіру орындары – жалақтар мен науалар жөнделіп, қалпына келтірілуде. Қыста сол жерлерге шөп, тұз, жем мен бейнек қойылады. Бұл – қатаң табиғат жағдайында аң-құстардың аман қалуына үлкен көмек.