Ақсу орманшылығы жабайы жануарларға қысқы көмек көрсетуді алғашқылардың бірі болып бастады!
Қараша айының басынан бері Ақсу орманшылығының аумағында жауған қардың қалыңдығы 1 метрге жетіп, қысқы табиғаттың әсем көрінісін сыйлады. Алайда бұл әсемдік орман жануарлары үшін қиындықтар тудырды. Қардың көп түсуі әсерінен азық табу, тіршілік ету жағдайлары күрделене бастады. Осындай жағдайда Ақсу орманшылығының инспекторлары жабайы табиғатқа көмек көрсету шараларын алғашқы болып қолға алды.
Орманшы мамандар биотехникалық жұмыстарды ұйымдастырып, қоректік алаңдарда шөп пен бейнек сала бастады. Бұл шаралар арқылы жабайы жануарларға азыққа қол жеткізу жеңілдейді. Қазіргі таңда негізгі мақсат – оларды қысқы маусымда қажетті қорекпен қамтамасыз ету, сондай-ақ оларды қосымша тұз бен жеммен қоректендіру. Бұл жұмыстардың нәтижесінде орман жануарларының денсаулығы мен тіршілік әрекеті сақталып, табиғатпен үйлесімді қарым-қатынасты қамтамасыз ету мақсат етілуде.
Ақсу орманшыларының жұмыстың тағы бір маңызды аспектісі ретінде – экосистеманың тұрақтылығын сақтау, табиғатқа жасалған араласудың минималды деңгейде болуы маңызды екенін атап өтуде. Осылайша, табиғатқа қамқорлық – тек жұмыс қана емес, адам баласының қоршаған ортасына деген жауапкершілігі мен сүйіспеншілігі.
Бұл шаралар инспекторлардың жыл бойындағы маңызды биотехникалық жұмыстардың бір бөлігі болып табылады, және олар тек осы аймақтағы емес, барлық экологиялық жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған.
Табиғатқа қамқорлық – бұл жауапкершіліктің белгісі, оны дұрыс жүзеге асыру арқылы біз тек орман жануарларына емес, болашақ ұрпаққа да таза әрі әдемі орта қалдырамыз.
Мирас Чайкин