AA+
AA+

     2025 жылдың жаңа жыл қарсаңында қылқан жапырақты ағаштарды қорғауды күшейту шаралары қарқынды жүргізілуде. Катонқарағай ұлттық паркінің инспекторлары, шекара қызметкерлері және құқық қорғау органдары бірлесіп, табиғатты қорғау үшін арнайы күзет жұмыстарын атқаруда.

      Шараның басты мақсаты – табиғат қорғау заңнамасының бұзылуының алдын алу және оны анықтау. Осыған орай, қадағалап өткізу пункттерінде тексеру жұмыстары мен түсіндіру шаралары ұйымдастырылуда. Қылқан жапырақты ағаштардың орнына экологиялық баламаларды таңдап, табиғатқа жанашыр болайық!