AA+
AA+

Бүгін қазақ жазушысы, Катонқарағай өңірінің тумасы, жазушы, прозашы, баспагер, журналист Әлібек Асқаров Катонқарағай ұлттық паркінің орталық кеңсесіне арнайы келіп, парк қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Іс-шара барысында алдымен ұлттық паркке арналған көрме таныстырылып, парк табиғаты, жануарлар дүниесі мен атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлімет алды. Көрмеден кейін жазушымен мазмұнды конференция өтіп, табиғат, туған жер және ұлттық құндылықтар жайында кеңінен әңгіме өрбіді.

Кездесу аясында жазушының жаңа «Сыршыл суреткер» атты кітабының тұсаукесер рәсімі ұйымдастырылды. Сонымен қатар, Әлібек Асылбайұлы Асқаров ұлттық парктің тыныс-тіршілігімен танысып, табиғатты қорғау бағытындағы жұмыстарға қызығушылық білдірді.

Тағылымы мол жүздесу рухани әсер сыйлап, қатысушыларға ерекше көңіл күй сыйлады.