Бүгін орталық кеңседе бас директор Жанболат Батталұлының төрағалығымен кезекті аппараттық кеңес өтті. Жиынның басты тақырыбы — қаржылық жоспарлау және техникалық дайындық мәселелері.
Кеңес барысында 2025 жылғы мекеме бюджетінің игерілу барысы сараланып, 2026 жылға арналған бюджеттік жоспардың негізгі бағыттары айқындалды. Сонымен қатар, ұлттық парктің автокөлік паркі мен өртке қарсы арнайы техникаларының ағымдағы жағдайы жан-жақты қарастырылды.
Жиналыс соңында күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша нақты шешімдер қабылданып, мекеменің алдағы жұмыс кезеңіне қатысты бірқатар маңызды тапсырмалар жүктелді.



