AA+
AA+

Катонқарағай ұлттық паркінің туризм бөлімінің мамандары туристік маршруттар мен соқпақтардың жағдайына мониторинг жұмыстарын жүргізді.

Тексеру барысында маршруттардың өту жағдайы, ақпараттық белгілер, демалыс орындары және туристер қауіпсіздігіне қатысты инфрақұрылым нысандары қаралды.

Ұлттық парк аумағындағы туристік маршруттардың қауіпсіздігі мен қолайлылығын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жалғасуда.