Өткен аптада Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі қызметкерлері арасында Еңбек күніне орай волейболдан жарыс өткізілді. Жарысқа Катонқарағай ұлттық паркінің алты құрама командасы қатысты.
Тартысты ойыннан кейін жеңімпаздар анықталып жүлделі орындар келесідегідей бөлінді: Шыңғыстай филиалының құрама командасы бірінші орын, екінші орын Алтай филиалының командасы, ал үшінші орын Орталық кеңсе командасына бұйырды.
Арнайы құрылған комиссия жарыс қатусышылары арасынан үздік ойыншыларын келесі номинацияларда белгіленді: «Үздік шабуылшы» - Қабышконев Аян Усть-Язова орманшылығының инспекторы (Ақсу филиалының құрама командасы), "Ардагер ойыншы" Скаков Ермағанбет Берел орманшылығының инспекторы (Берел филиалының құрама командасы), "Үздік қорғаушы" Кудияров Әзім Алтай орманшылығы (Алтай филиалының құрама командасы) және «Үздік ойыншы» Дюлюнбаев Дастан Өрел орманшылығының инспекторы (Өрел филиалының құрама командасы командасы) .
Жүлделі орын мен номинациялар бойынша үздік атанған командалар дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Іс-шараның ұйымдастырушылары ұлттық парк қызметкерлері арасында спортты және салауатты өмір салтын насихаттау ерекше орын алатынын атап өтті.