14–16 қаңтар аралығында Алматы ботаникалық бағында Қазақстанның ұлттық парктері мен қорықтарынан 50 маман бас қосып, тиімді коммуникациялар бойынша тренингке қатысты.
Іс-шара GREEN SCIENCE KZ жобасы аясында өтіп, ұлттық парктер мен ЕҚТА әлеуетін нығайтуға, биоәртүрлілік пен климаттық төзімділікті арттыруға бағытталды.
Аталған тренингке Катонқарағай ұлттық паркінен Қаракөз Рахатқызы қатысып, тәжірибе алмасты.



