Катонқарағай МҰТП-ның туристік және рекреациялық қызметін жүзеге асыру үшін жер учаскелерін пайдалануға беру жөніндегі тендерді тоқтату туралы хабарландыру
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі 2026 жылғы 13 қазанға жоспарланған Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің жер учаскелерін туристік және рекреациялық қызметін жүзеге асыру үшін пайдалануға беру жөніндегі тендердің тоқтатылғанын хабарлайды (03.10.2026 жылғы № 112 «AIQYN» республикалық газетінің хабарландыруы). Тендерді тоқтату туралы шешім Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2026 жылғы 12 қазандағы № 27-02-16/2852-И хаты және тексеру актісі негізінде қабылданды.
Тендерді тоқтату төмендегі лоттарды қамтиды:
- № 1–11 және № 13–17 лоттар – жер учаскелерін 49 жылға дейін ұзақ мерзімге пайдалануға беру бөлімінде;
- № 18–20 лоттар – жер учаскелерін 5 жылға дейін қысқа мерзімге пайдалануға беру бөлімінде.
Қосымша ақпарат алу үшін экологиялық ағарту және туризм бөліміне хабарласуға болады.
Байланыс телефондары: 8 (72342) 2-97-96; 8-707-966-81-31.



