AA+
AA+

“Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында тазалық жұмыстары жүргізілді Катонқарағай ұлттық паркінің Алтай филиалының инспекторлары “Таза Қазақстан” республикалық акциясына белсене қатысып, Катонқарағай ауылына кіреберіс аумақтарды тұрмыстық қалдықтардан тазартты. Акцияның басты мақсаты — қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттырып, табиғатты аялау мәдениетін қалыптастыру. Осы мақсатта табиғатты көзінің қарашығындай қорғап жүрген инспекторлар бұл жолы қорғаныш киімдерін киіп, қолдарына қап алып, өзгелер тастап кеткен қоқысты жинауға шықты. Экологиялық тәрбие ең алдымен жеке әрекеттен басталуы тиіс. Табиғатты тек инспекторлар мен экологтар ғана емес, әрбір азамат қорғауы керек. Өз ізімізді тазалап жүрмесек, бұл игі істің соңы көрінбейді. Табиғат — баршамызға ортақ байлық, оған деген құрмет те әркімнің ісімен өлшенеді. Катонқарағай ұлттық паркінің инспекторларының бұл бастамасы — көпке үлгі. Олардың еңбегін бағалап, табиғатқа жанашырлықпен қарау — әрбір саналы азаматтың парызы.