AA+
AA+

      Табиғат – біздің ортақ үйіміз, ал оның тазалығына жауапкершілікпен қарау әрбір адамның борышы. Қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру мақсатында елімізде «Таза Қазақстан» Республикалық акциясы тұрақты түрде өткізіліп келеді.
     Осы бастама аясында Катонқарағай ұлттық паркі Алтай орманшылығының инспекторлары кезекті тазалық жұмыстарын жүргізді. Бұл жолы басты назар өңірдің көрнекті су айдыны – Бұқтырма өзенінің жағалауына және туристер көп жиналатын демалыс орындарына аударылды.
     Инспекторлар жұмыс барысында туристер жиі келетін алаңдарды аралап, тасталған тұрмыстық қалдықтарды жинап, демалыс орындарын ретке келтірді. Бұл шаралар табиғи ландшафттың эстетикалық түрін сақтауға және эко-жүйені қорғауға бағытталған.
     Ұлттық парк әкімшілігі барша келушілерді табиғат аясында демалғанда жауапкершілікті ұмытпауға және өзінен кейін тек тазалық пен жақсы естелік қалдыруға шақырады.