AA+
AA+

Сейтқамза Ластаев атындағы орта мектепте оқушылармен бірлесіп “Таза Қазақстан” республикалық акциясы аясында сібір шыршасының тұқымдары егілді.

Бұл игі шараның мақсаты – оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, қоршаған ортаны қорғауға жауапкершілікпен қарауға баулу және орман қорын көбейтуге үлес қосу.

Іс-шара барысында Алтай орманшылығының инспекторлары арнайы қатысып, оқушыларға тұқым отырғызу технологиясын және жас көшеттерді күтіп-баптау жолдарын түсіндірді.

Мұндай экологиялық бастамалар жас ұрпақтың табиғатқа жанашырлық көзқарасын қалыптастырып, елдің жасыл келешегіне жол ашады