AA+
AA+

    Өткен аптада Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ғылым, экологиялық мониторинг және ақпарат бөлімінің басшысы Габдуллина Әлия Ұланбекқызы ҚР ІІМ ҚАЖК-нің «№17 мекеме» РММ пенитенциарлық жүйесіне қарасты №3 кешкі мектептің білім алушыларына Катонқарағай ұлттық паркінің ерекше қорғалатын табиғи аумақтары туралы бірқатар дәрістер өткізді.

     Мұндай іс-шаралар қоғамның белгілі бір деңгейде оқшауланған топтарын парк қызметімен таныстыру үшін аса қажет. Сонымен қатар, өңіріміздің жануарлар мен өсімдіктер дүниесі жөніндегі білім болашақта бостандыққа шыққан азаматтардың психологиялық әрі әлеуметтік бейімделуіне оң ықпал етеді.