AA+
AA+

Ұлттық парк инспекторлары табиғатты қорғау, жануарлар дүниесін сақтау және олардың тіршілік ету ортасын жақсарту мақсатында жоспарлы түрде рейдтік жұмыстар мен биотехникалық іс-шараларды тұрақты жүргізіп келеді.

Негізгі жұмыстарға орман және дала аймақтарындағы аңдарды бақылау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ арнайы азықтандыру алаңдар арқылы қоректенуін қолдау кіреді. Бұл іс-шаралар экожүйенің тепе-теңдігін сақтауға, табиғи байлықты қорғауға және жануарлардың қауіпсіз өмір сүруіне жағдай жасауға бағытталған.

Ұлттық парк инспекторларының бұл жұмысы болашақ ұрпаққа бай және теңдестірілген табиғатты қалдыруға арналған маңызды қадам болып табылады.