Алтай орманшылығының инспекторлары жабайы жануарларды қолдау және табиғатты қорғау жұмыстарын жүргізді Алтай орманшылығының инспекторлары жабайы жануарлардың қыс мезгілінде аман шығуын қамтамасыз ету мақсатында арнайы азықтандыру алаңдарына жем, шөп, бейнек және тұз орналастырды.
Бұл жануарлардың қорек тапшылығын сезінбеуіне және табиғи тепе-теңдікті сақтауға көмектеседі. Сонымен қатар, инспекторлар табиғатты қорғау заңнамасының сақталуын қадағалау мақсатында рейдтік іс-шаралар жүргізді.