Экологиялық ағартушылық аясында «Коробиха орта мектебі» КММ-де «Қоршаған ортаны және биоалуантүрлілікті сақтау» тақырыбында дәріс өткізілді. Усть-Язова орманшылығының инспекторы Затеева А. В. оқушыларға қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығы мен сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктерді сақтау жөнінде әңгімеледі. Іс-шара соңында қатысушылар «Таза Қазақстан» акциясына қатысып, емен ағашы мен шие, итмұрын, сирень, қарақат секілді бұталар отырғызды.
Табиғатты қорғайық — ол біздің болашағымыз!