AA+
AA+

    Қызыл-Жұлдыз  негізгі орта мектебінде Аққайнар орманшылығының инспекторлары оқушылармен кездесу өткізіп, танымдық дәріс ұйымдастырды.

    Кездесу барысында орманды қорғау, өрт қауіпсіздігі, браконьерлікпен күрес, жабайы жануарларды сақтау және табиғатты аялаудың маңызы туралы кеңінен айтылды. Инспекторлар өздерінің күнделікті қызметі жайында, орман күзетінің жауапкершілігі мен табиғатты қорғаудағы нақты атқарылып жатқан жұмыстар туралы түсіндіріп өтті.

    Оқушылар табиғатты қорғау саласына қатысты сұрақтарын қойып, белсенділік танытты. Әсіресе орман өртінің алдын алу, фототұзақтардың жұмысы, қысқы биотехникалық шаралар туралы мәліметтер балалардың қызығушылығын арттырды.

    Мұндай кездесулердің басты мақсаты – жас ұрпақтың бойында табиғатқа деген сүйіспеншілік пен жауапкершілікті қалыптастыру.