Катонқарағай ұлттық паркінің Усть-Язовая орманшылығы инспекторлары күн сайын орманды аралап, табиғатты қорғау жұмыстарын атқарады. Қыста бұл жұмыс ерекше маңызды – жабайы табиғатқа қысқы сынақтардан өтуге көмек көрсету қажет. Патруль кезінде инспекторлар арнайы азықтандыру алаңдарын тексеріп, оларды шөп, жем және тұзбен толықтырып отырады. Бұл жануарлар қыс мезгілінде азық таба алуы үшін жасалады.
Сонымен қатар, заңсыз аң аулаудың алдын алу және табиғи тепе-теңдікті сақтау мақсатында аумақ тұрақты бақылауда болады. Инспекторлар күн сайын ондаған шақырымды артқа тастап, Алтайдың қайталанбас табиғатын қорғауға өз үлесін қосуда. Қиындықтарға қарамастан, бұл еңбек арқылы жабайы табиғат қысқы суықтарда өмір сүруді жалғастыруда.