Парк қызметкерлерін осы мерекемен Катонқарағай ауданының әкімі Р. Т. Құрманбаев, мекеменің бас директоры Ж. Б. Тыныбеков және Біріккен ұлттар ұйымының даму бағдарламасының менеджері Т. С. Кертешев құттықтады.
Іс-шараның салтанатты бөлімінде ұлттық парктің дамуына үлкен үлес қосқан қызметкерлер облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Л. А. Краева мен бас директор Ж. Б. Тыныбековтың атынан грамоталарымен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Ұлттық Парктің экологиялық ағарту саласына қосқан үлестері үшін – «Катонқарағай ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі», «Берел мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайы», «Катонқарағай аудандық мәдениет және тұрғындардың демалыс орталығы», «Катонқарағай мәдениет үйінің» ұжымы, «Жас туристер бекеті», «Сейтқамза Ластаев атындағы орта мектебі», «Айгөлек» бөбекжай балабақшасына алғыс хаттармен марапаталды.
Іс-шараның екінші бөлімі – ұлттық парк қызметкерлері және жергілікті тұрғындар үшін спорттық ойындар ұйымдастырылды.
Армрестлинг, гір көтеру, арқан тарту, қазақша күрес(белдесу) және аудараспак жарыстары жеңімпаздарына грамоталар мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді.
КМҰТП-нің ЭАжТ бөлімінің инженер-экологы К. Тоқтарханова