Аршаты орманшылығында кезекті биотехниялық іс-шаралар сәтті өтті. Бұл шара табиғатты қорғау және жануарлар әлемін қолдау мақсатында ұйымдастырылды. Қыстың суық күндерінде аң-құстардың азыққа мұқтаждығы арта түсетіні белгілі. Сондықтан орманшылар арнайы алаңдарға жем, тұз, және бейнек қойып, табиғаттың тіршілік иелеріне қажетті жағдай жасап жатыр.
Биотехниялық шаралардың басты мақсаты – экожүйенің тепе-теңдігін сақтау және жануарлардың тіршілігін жеңілдету. Аршаты орманшылығының инспекторлары бұл бағытта жоғары жауапкершілікпен еңбек етуде. Осындай игі істер табиғатты сүйетін әрбір азаматқа үлгі.
Табиғатты аялау – болашақ ұрпаққа қалдырар асыл мұрамыз!