Құрмет Альмұхамбетович – табиғатқа деген сүйіспеншілігімен, адалдығымен танылған азамат. 2004 жылдан бері Катонқарағай ұлттық паркінде аянбай еңбек етіп келеді. Орманды қорғау – жай ғана жұмыс емес, бұл өмірлік ұстаным. 1983-85 жылдары әскери борышын Байқоңырда өтеп, Отан алдындағы міндетін абыроймен атқарды. 1991 жылы Анар апаймен шаңырақ көтеріп, үш бала тәрбиелеп өсірді. Бүгінде екі ұл, бір қыздың ардақты әкесі.
Қазіргі таңда Алтай филиалының №2 орман шебер учаскесінде орман шебері болып қызмет етеді. Бұл – тек атау ғана емес, жылдар бойы табиғатты қорғау жолында төгілген маңдай тер мен адал еңбектің дәлелі.
Осындай еңбекқор, ел мен жерге жанашыр азаматтар аман болсын!