С.Аманжолов атындағы ШҚУ студенттері жабайы жануарларды азықтандыру алаңына экскурсияға барып, тәжірибелік сабақ алды. Сабақ барысында олар қыс мезгілінде жануарларға көрсетілетін көмектің маңызын, азықтандыру алаңын ұйымдастыру және биотехникалық іс-шараларды жүргізу ерекшеліктерін тәжірибе жүзінде көрді.
Инспекторлармен тікелей жүздесу студенттерге табиғатты қорғау саласындағы еңбектің мәнін тереңірек түсінуге, ал алынған тәжірибе теориялық білімді нақты іспен ұштастыруға мүмкіндік берді.



