«Парктер шеруі – 2026» халықаралық табиғат қорғау акциясы аясында Берел орманшылығының мемлекеттік инспекторлары оқушыларға табиғат аясында танымдық экскурсия ұйымдастырды.
Экскурсия барысында оқушылар орман табиғатымен жақынырақ танысып, туған өлкенің өсімдіктері мен жануарлар дүниесі туралы қызықты мәліметтер алды. Инспекторлар табиғатты қорғаудың маңызы, орманда өзін ұстау ережелері және қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау жайында әңгіме өткізді.
Таза ауада өткен экскурсия оқушыларға ерекше әсер сыйлап, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттырды. Осындай шаралар жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, туған жер табиғатын аялауға тәрбиелейді.



