AA+
AA+

    Құрметті тұрғындар мен жол пайдаланушылар! «QazAvtoJol» ҰК» АҚ Шығыс Қазақстан облыстық филиалы республикалық маңызы бар KZ16-01 «Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнарлары» автожолының 437–450 шақырым аралығында орташа жөндеу жұмыстарын жүргізетінін хабарлайды.  

    Осыған байланысты аталған жол бөлігі 2025 жылдың 20 тамызынан 30 қазанына дейін уақытша жабылады. Жөндеу жұмыстары жол қауіпсіздігін арттыру және сапалы көлік қатынасын қамтамасыз ету мақсатында жүргізілуде.  

    Уақытша қолайсыздықтар үшін түсіністік танытуларыңызды сұраймыз.