AA+
AA+

             Ластаев атындағы орта мектептің оқушылары Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні аясында Катон-Қарағай ұлттық паркінің тұқымбағында экскурсияда болды, мұнда сібір шыршасы өсіріледі. Бұл орын балалар үшін нағыз жаңалық болды, өйткені олар осы керемет ағаштардың өмірі қалай басталатынын білді. Экскурсияның басында оқушыларды Алтай орманшылығының орманшы м.а. Серікхан Булабаев қарсы алып, бүршіктерді жинау, оларды кептіру және зиянкестерге қарсы өңдеу үрдісі туралы айтты. Биыл ұлттық парк аумағынан 5 тонна сібір шыршасының бүршігі жиналды. Әрі қарай тұқымбақта Медведка орманшылығының инспекторлары Қайрат Манияров, Самат Қасымбеков және Қанат Мұрзагалиев жас көшеттерге қалай күтім жасайтыны туралы айтып берді.

           Оқушылар кішкентай тұқымнан үлкен және мықты ағаштың қалай өсетінін қызыға тыңдады. Оларды таңғалдырғаны – бұл процес бірнеше жылға созылады, мұқият еңбектенуді қажет етеді, отырғызудан бастап, ашық алаңдарға қайта отырғызуға дейін. Ең есте қалған сәт – оқушыларға жас шыршаны өз қолдарымен отырғызуды ұсынған кез болды. Тұқымбақ қызметкерлерінің жетекшілігімен балалар көшеттерді дайындалған шұңқырларға мұқият орналастырды. Бұл тек қызықты тәжірибе ғана емес, табиғатқа қамқорлық жасаудың маңызды сабағы болды. Экскурсиядан кейін көптеген оқушылар орманмен ерекше байланыс сезінгендерін мойындады және бұрын тек қарапайым табиғаттың бөлігі ретінде қараған ағаштарға енді өзгеше көзқараспен қарайтынын айтты.

         Экскурсия олардың білімдерін кеңейтіп қана қоймай, табиғатты қорғауға шабыттандырды.