Бүгін “Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі” РММ қызметкерлері арасында 2025 жылғы спартакиада аясында үстел теннисінен жарыс өтті. Бұл жарыс – тек спорттық бәсеке ғана емес, сонымен қатар ұжымдық рухты нығайтуға, әріптестер арасындағы достық байланыстарды күшейтуге арналған тамаша мүмкіндік болды. Тартысты ойын барысында қатысушылар өздерінің жоғары дайындық деңгейін, ептіліктері мен шеберліктерін көрсетті. Әр команда жеңіске деген құлшынысын байқатып, жанкүйерлерге қызықты әрі әсерлі матчтар сыйлады.
Жарыс нәтижелері:
1 орын – Орталық кеңсе
2 орын – Өрел филиалы
3 орын – Ақсу филиалы
4 орын – Алтай филиалы
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Бұл жарыс – спорттық бәсеке ғана емес, ұйымшылдық пен мықты командалық рухтың дәлелі. Барша қатысушыларға алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз!