AA+
AA+
     Катонқарағай ұлттық паркінің аумағында спорттық-әуесқойлық балық аулауға Марал, Қаумыш және Қаракөл көлдерінде рұқсат етіледі. Балық аулау рұқсаттамасын Чернова және Берел ауылдарында орналасқан орманшылықтардан рәсімдеуге болады.
    Қармақпен әуесқойлық балық аулау талаптары:
    1. ЕҚТА кіру үшін - 0,2 АЕК
    2. Бір адамға – 5 ілгік, жалпы аулау салмағы 5 килограмнан аспауы тиіс.  Жолдама құны (тәулігіне) – 0,3 АЕК.
    3. Балық түрлеріне ақы мөлшері: • Хариус – 0,042 АЕК / 1 кг. • Аққайран (язь) – 0,008 АЕК / 1 кг.
 
    Балық аулау ережелерін сақтап, табиғатқа жанашырлықпен қарау қажет.