Катонқарағай ұлттық паркінің Аршаты орманшылығы аумағында орманшы Жомарт Аманбаев орнатқан фототұзаққа тағы бір мәрте қар барысы түсіп отыр.
Бұл — Алтайдың асқақ таулары мен тұмса табиғатында мекендейтін, Қазақстанның Қызыл кітабына енген сирек жыртқыш. Қар барысының фототұзаққа түсуі — ұлттық парк аумағында табиғи тепе-теңдіктің сақталып, жануарлар дүниесінің қауіпсіздігін бақылау жұмыстарының нәтижелі жүргізіліп жатқанын көрсетеді.
Мұндай бір сәтті кадр — орманшылардың тынымсыз еңбегі мен табиғатты қорғауға деген жанашыр көзқарасының айқын дәлелі.



