Катонқарағай ұлттық паркінде қылқан жапырақты ағаш бүршіктерін қабылдау аяқталып, Алтай орманшылығындағы тұқым қоймасында өңдеу жұмыстары жүргізілуде. Бүршіктер зиянкестерге қарсы химиялық препараттармен өңделіп, қазіргі кезде кептіру процесі жүргізілуде. Биылғы жылы ұлттық парк аумағынан сібір шыршасының 5 тонна бүршігі жиналды.