AA+
AA+

Бүгін Катонқарағай ұлттық паркінің ұйымдастыруымен Катонқарағай ауданының мекемелері арасында шағын футболдан аудандық турнир өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты — аудан мекемелері арасындағы байланысты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау. Жарыс жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтіп, командалар тартысты әрі тартымды ойын өрнегін көрсетті.

Турнир қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:

І орын — Өрел шекара бөлімшесі

ІІ орын — «Топқайың» командасы

ІІІ орын — Аудандық полиция бөлімі

Іс-шараға атсалысқан барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз.