AA+
AA+

        Катонқарағай ұлттық паркіндегі ең танымал бағыттардың бірі — Рахман қайнары. Бұл жерге келген адам табиғаттың шексіз сұлулығын көріп, ерекше тыныштықты сезінеді. Алайда осы сұлулықты сақтау – баршамыздың ортақ міндетіміз. Рахман орманшылығының инспекторлары арнайы қоқыс контейнерлерін орнатып, тұрмыстық қалдықтарды аптасына 1–2 рет қашықтағы полигонға жеткізеді. Дегенмен, инспекторлардың басты жұмысы — қоқыс тасу емес, табиғатты қорғау. 

       Сондықтан демалуға келген әрбір жаннан саналы көзқарас күтіледі. Өзімен бірге әкелген заттарын жинап, қалдықтарды арнайы орынға тастау немесе өзімен бірге алып кету — табиғатқа деген құрметтің нақты көрінісі.